Шетелдегі және Қазақстандағы кәсіпкерлер «Отандастар» бизнес-форумына қатысты

13 Қыркүйек, 17:20 474

Алматыда «Отандастар» қорының ұйымдастыруымен шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлер арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған бизнес-форум өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Форумға әлемнің 12 елінен келген 50-ден астам қандас кәсіпкер, сонымен қатар Қазақстандағы кәсіпкерлер қатысуда. Жалпы, 200-ге жуық қатысушы жиналып, шетелдегі және Қазақстандағы бизнес қауымдастық өкілдері бірлесе жұмыс істеу және тәжірибе алмасу үшін өзара пікір алмасады.

Форумның негізгі мақсаты – шетелдегі этникалық қазақтарды Қазақстанның экономикалық дамуына тарту және олармен тығыз қарым-қатынас орнату. Сонымен қатар, шара барысында Қазақстанның экономикалық бағдарламалары мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, шетелдік кәсіпкерлерге заңнамалық қолдау көрсетілмек.

Форумның негізгі міндеттері:

Форум барысында Форум қатысушыларының ұсынысымен «Шетелдегі және Қазақстандағы отандас кәсіпкерлердің Кеңесі» құрылады деп жоспарлануда. Бұл кеңес шетелдегі этникалық қазақтардың бизнес белсенділігін арттыру және олардың мәдени-гуманитарлық құндылықтарын сақтап қалу мақсатында жұмыс істейтін болады.

Қатысушы елдер: АҚШ, Аустрия, Жапония, Иран, Қырғызстан, Қытай, Малайзия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ресей, Түркия.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: