Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі шетелде жүрген азаматтарға паспорт рәсімдеу қызметіне қатысты ережелерге өзгерістер енгізу туралы жобаны әзірледі.
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқарту көзделіп отыр: бұған дейін 90 жұмыс күніне дейін созылатын рәсім енді 40 жұмыс күніне дейін азайтылмақ. Бұл өзгеріс азаматтарға құжаттарын әлдеқайда жылдам алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жаңа жоба қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруді де қамтиды. Атап айтқанда, ережелерден ескірген нормалар мен сілтемелер алынып тасталып, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» заң мен Цифрлық кодекске енгізілген өзгерістер ескерілген.
Аталған құжат Қазақстанның 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын іске асыруға арналған Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы аясында, сондай-ақ 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен бірлесе қамтамасыз ету тұжырымдамасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес әзірленген.
Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кейбір қазақстандықтар құжаттарды тегін рәсімдей алатынын алға тартқан болатын.
Корпорация дерегінше, көпбалалы аналар – «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, сондай-ақ «Батыр ана» атағын алған әйелдерге паспорт пен жеке куәлікті рәсімдеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.
Сонымен қатар жеке куәлік алу кезінде мемлекеттік баж төлеуден мына санаттағы азаматтар босатылады: