14.12.2023
09:12
1531
Шешуші ойын: футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландпен кездеседі

Шешуші ойын: футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландпен кездеседі

Бүгін Қазақстан құрамасын шешуші кездесу күтіп тұр, деп хабарлайды El.kz.

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктелу үшін Нидерландпен кездеседі.

Матч тікелей эфирде Астана уақытымен 20:25-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Айта кетейік, құрамамыз өз тобында 12 ұпаймен бірінші орында келеді.

Бұған дейін жігіттер төрт ойынның бәрінде жеңіске жетті. Әзербайжанды екі рет (4:2, 3:2) және Нидерланд (2:0) пен Румыния (4:3) құрамаларын ұтты.