Шешім өзгерді. Балалар 1 маусымға дейін оқымайтын болды

25 Тамыз 2023, 10:43 2379

Бұл туралы Еңбек және халықты Әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Оқу ұзақтығына қатысты сұрақ қоғамда қызу пікірталас тудырды. Оқу аптасын ұзарту әлемдік тәжірбиеге негізделіп жасалды. Мұндай жаңа бастамалар тыңғылықты дайындықты талап етеді. Министрліктің шешімі ақталатын шешім болды. Бірақ асығыстық танытты. Сондықтан 34 апталық оқу ұзақтығына қайта оралуды дұрыс деп есептейміз. Осылайша соңғы қоңырау 25 мамырда болады, - деді ол.

Айта кетейік, қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлы оқу жылын үш тоқсанға, ал оқу аптасын 4 күнге қысқартуды ұсынғандарға шүйліккенін жазған едік.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: