Шерзод Давлатов пен Жанарыс Рахметқали Гран-при чемпионы атанды

14 Қыркүйек, 04:53 506

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Загребтегі (Хорватия) Гран-при турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

60 келі салмақта белдескен Шерзод финалда әзербайжандық Ахмад Юсифовты жеңді. 

Кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. 

Осылайша, қазақстандық дзюдошы әлемдік жарыстың алтын жүлдесін алды.

66 келіде белдескен Жанарыс Рахметқали финалда британдық Майкл Фраерді қосымша уақытта жеңді. 

Осылайша, Рахметқали өз мансабында алғаш рет Гран- при алтынын иеленді.

Перизат Саденова
Бөлісу: