25.02.2024
16:37
1220
Шерзод Давлатов Еуропа кубогында қола жүлдегер атанды

Шерзод Давлатов Еуропа кубогында қола жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Польша астанасы Варшавада өтіп жатқан Еуропа кубогында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметінше, ол 60 келі салмақта барлығы бес кездесу өткізіп, оның төртеуін жеңіспен аяқтады. Жұбаныш финалында отандасымыз грузиялық Тома Гелашвилиді жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетерлігі, Варшавада ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Еуропа кубогына 37 елден 500-ге жуық дзюдошы қатысып жатыр.