05.06.2025
16:19
1918
Шерзатты өлтірген Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды

Шерзатты өлтірген Абзал Шынасыл 23 жылға сотталды

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша үкім жарияланды, деп хабарлайды EL.KZ интернет порталы.

Сот үкімімен:

  • Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша – 7 жыл, 99-баптың 2-бөлігі (адам өлтіру) бойынша – 20 жыл, 24-баптың 3-бөлігі (қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу) бойынша – 15 жыл. ҚР ҚК 58-бабы (қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындау) негізінде – түпкілікті 23 жыл бас бостандығынан айырылды. 

  • Равиль Сакиев – 293-бап 3-бөлігі бойынша – 7 жыл, 99-баптың 2-бөлігі және 24-баптың 3-бөлігі бойынша (адам өлтіруге оқталу) – 15 жыл. Қылмыстар жиынтығы бойынша – 20 жыл бас бостандығынан айырылды. 

  • Дархан Әскентай – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айырылды. 

  • Шыңғыс Белғожаев – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айырылды. 

  • Нұрбол Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айырылды. 

  • Азамат Тоқтаубаев – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл, 188-бап (ұрлық) бойынша – 3 жыл. ҚР ҚК 58-бабы 3-бөлігі бойынша – 9 жыл, 2024 жылғы 17 қазандағы Талғар аудандық сотының үкімімен тағайындалған жаза ескеріліп, ҚР ҚК 58-бабы 6-бөлігі негізінде – түпкілікті 15 жыл бас бостандығынан айырылды. 

  • Нұрқияс Ілиясов – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл. Бұған дейін 2024 жылғы 4 сәуірде Талғар аудандық сотының шешімімен тағайындалған жаза да есепке алынып, жиынтық түрде – 9 жыл бас бостандығынан айырылды. 

  • Дидар Қалиахмет – 293-баптың 3-бөлігі бойынша – 7 жыл бас бостандығынан айырылды.

  • Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 434-бап (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесіндегі кәмелетке толмағандарға арналған мекемеде өтейді.

Сотталушылар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.