Шерзат өлімі: адвокаттар іс туралы жаңа деректер айтты

Бүгiн, 12:10 676

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полат отбасысының адвокаттары әлеуметтік желіде тікелей эфирде тергеу барысына қатысты мәліметтермен бөлісіп, соттың ашық өтетініне сенетіндігін айтты, 

Эфирді қаралы отбасыға көмектесіп жүрген Айтбек Амангелді жүргізіп, құқыққорғаушыларға кезегімен сөз беріп отырды. Ол қорғаушыларды соңғы кезде көп телебағдарламалар шақырып жүргенін, бірақ бәрінен бас тартатындарын мәлімдеді. 

Эфирде алдымен сөз алған Карина Көшербаева дүкендегі жанжал үзінділері көрсетілген видеоның желіге тарап кетуіне байланысты тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты.

14 қазан күні instagram-дағы SONA.KZ парақшасында оқиға болған Қамажай дүкеніндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған жанжал тарап кеткен болатын. Біз бұны біле салысымен ішкі істер минстірлігіне шағым түсірдік, арызымыз өндіріске алынды. 16 қазан күні 423-бап яғни сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету бойынша іс қозғалды. Іс Алматы облысы полиция департаментінің қауіпсіздік қызметіне берілді. Сонымен қатар, SONA.KZ парақшасынның иесі анықталған соң, істі тергеуді ауыстыру туралы арыз түсірдік, – деді Көшербаева. 

Саида Тәуекелова “куәгер” статусына ие екі қыздың жайы туралы жеткізді. Ол қыздар аталған қылмысқа тікелей қатысы бар деп санайтынын, олардың әрекетіне қылмыстық-процесуалдық баға берілуге тиіс екенін мәлім етті.

Біз 30 қазан күні Алматы облысы прокуратурасына тергеу әрекетіне тексеру жүргізу туралы шағым түсірдік. Біз екі қыздың әрекетінде ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша қылмыс құрам бар деп санаймыз. Заңға сай, бұл ауыр қылмыс болып саналады. Біз олардың әрекетін аталған қылмыстық іске ауыстырып саралауды талап етеміз, - дейді адвокат.

Үшінші адвокат Марал Жайлаубаева марқұм Шерхаттың ағасы Нұрқанатқа трагедия түні жасалған шабуылды тергеу барысын айтып берді. Сол түні Нұрқанаттың ұялы телефоны мен әмиянын ұрлап кеткен. Тонауға байланысты 188-бап яғни ұрлық бойынша іс қозғалыпты. 

Ғайыпбаевқа 3-4 рет жамбасы мен төсіне пышақ сұққан. Бұндай әрекет адамды өлтіруге тікелей бағытталған әрекет. Сондықтан біз өлдіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрап өтініш хат түсірдік. Қазіргі таңда ол қарастырылып жатыр және іс бойынша жәбірленуші мен күдіктілердің орталарында беттестірулеп өткізілді. Қазір тағайындалған сараптамалардың қорытындыларымен танысудамыз, –  деді Жаулаубаева.

Еске сала кетейік, 4 қазанда 16 жастағы Шерзат Болатты бірнеше адам жабылып, өлтіріп кеткен еді. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: