Талғарда 16 жасар Шерзат Болаттың өлімінен соң қала басшылығында бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімінің орынбасары болып Бауыржан Байбатыров тағайындалды.
Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Ынтымақұлы Байбатыров тағайындалды, - делінген әкімдік мәліметінде.
Байбатыров 2014 жылдан бері Бөлек ауылдық округінің әкім аппаратында жұмыс істеген. 2018-2020 жылдар аралығында Еңбекшіқазақ ауданында кірістер басқармасында бас маман қызметін атқарған. 2023 жылдан бері мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы болған.
Айта кетейік, Шерзат Болат 4 қазанға қараған түні өлтірілген. Бұл іс бойынша 10 күдікті ұсталды.
Талғар әкімін сайлау 15 желтоқсанға белгілеген.