03.06.2025
13:01
1509
Шерзат Болаттың өліміне қатысты үкім қашан шығатыны анықталды

Шерзат Болаттың өліміне қатысты үкім қашан шығатыны анықталды

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан резонанстық іс бойынша сот шешімі 5 маусымда жарияланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетейік, бұл іс бойынша 9 адам айыпталушы ретінде тартылған. Прокурор оларға 7 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Оқи отырыңыз: 

Қылмыстық іс «Адам өлтіру», «Бұзақылық», «Қорқыту» және «Қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша қозғалған. Тергеуді Алматы облыстық полиция департаменті жүргізді. Іс 62 томнан тұрады, оның құрамында 40 сот сараптамасы, 200-ге жуық куәгердің жауабы және сегіз бейнематериал бар.