26.12.2024
06:37
818
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты

Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шықты

Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың қамаудан шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің айтуынша, Нұрымов Қонаевтағы уақытша ұстау изолятрынан 23:45-те босап шықты.

Айта кетейік, Алматы облысының Азат ауылында Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінде Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстап әкетті.

Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жүк көлігінің үстіне шығып, өз-өзін өлтіретінін айтып қорқытқан. Облыстық Полиция департаменті оның қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін алға тартты.