Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығатын болды

Бүгiн, 15:47 238

Адвокаттар марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адвокат Асылбек Абдраимов Қаржаубай Нұрымовтың қысым көрмегенін мәлімдеді.

Біз бүгін Қаржаубайдың хал-жағдайын білу үшін Қонаев қаласына келдік. Уақытша ұстау изоляторына кіріп, жағдайын біліп, амандасып шықтық. Бәрі дұрыс. Енді мұндай жерде отырған адамның хал-жағдайын сұрау ыңғайсыз дүние. Бірақ дені сау, ешкім қысым көрсетпеген. Жылы жерде отыр және тамағы уақытылы беріліп жатыр. Бұйырса, 25-і түнде шығады, — деді адвокат Асылбек Абдраимов.

Айта кетейік, 11 желтоқсанда Қаржаубай Нұрымов қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: