Полиция Шерзат Болаттың ағасының өлер алдындағы хатын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бағдат Әшімов бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Талғар маңында 30 жастағы ер адамның денесінің анықталуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған, - деді ол.
Полиция ер адамның өлер алдында ағасына жазған хатын да жариялады. Онда ол өзін Шерзаттың жанына жерлеуді сұраған.
Бұған дейін оның мәйіті табылғаны туралы жазғанбыз.
Фото әлеуметтік желіден алынған.