29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша басты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот отырысында сот-медициналық сарапшы Өмірбек Жолымбетовтен жауап алынды. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, оқиға болғаннан кейін 7 күн өткен соң жүргізілген тексеру нәтижесінде Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесінде әртүрлі ауырлықтағы көптеген жарақат анықталған. Атап айтқанда, денесінің әртүрлі бөліктерінде — басында, аяқ-қолдарында және төс сүйегі тұсында көптеген көгеру болған. Сарапшының айтуынша, мұндай жарақаттар жәбірленушінің есінен тануына немесе өміріне қауіп төндіретіндей ауыр болмаған.
Сонымен қатар сарапшылар қосымша жарақаттарды да тіркеген: жабық бас сүйек жарақаты, ми шайқалу, бетте, аяқ-қолдарда және арқада гематомалар. Қорытындыға сәйкес, бұл жарақаттар уақытша сипатта болған және өздігінен жазылып кетуі мүмкін еді.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек