06.10.2025
13:11
664
Шерхан Қалмырза өзін футболға әкелген атасына ерекше сыйлық жасады

Шерхан Қалмырза өзін футболға әкелген атасына ерекше сыйлық жасады

Жас қазақстандық қақпашы Шерхан Қалмырзаның спорттағы жетістіктерінде оның атасы, тәжірибелі бапкер Еділхан Рабаевтың еңбегі айрықша екенін бұған дейін жазғанбыз. Ал бүгін Шерханның атасына ерекше сыйлық жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Чемпиондар лигасында «Қайрат» қақпасын күзеткен Шерхан атасына «Реал Мадрид» қақпашысы Тибо Куртуаның жейдесін табыстады.

Шерхан Қалмырза

Естеріңізде болса, Алматыда өткен ойыннан соң «корольдік» клуб қақпашысы Куртуа Шерханмен жейдесін алмастырып, кейін әлеуметтік желіде жас талантты белгілеп, бірге түскен суретін жариялаған еді.

Жалпы, Шерханның спортқа деген қызығушылығы ерте жастан басталған. Алғашында джиу-джитсумен айналысып, ерік-жігерін шыңдаған жас спортшыны атасы футболға баулып, доп додасына жетеледі. Еділхан Рабаев немересінің футболға табиғи бейімін байқап, оның дамуына бағыт-бағдар берді.

Қазір жас қақпашы өз таланты мен еңбекқорлығының арқасында қазақстандық футболдың болашағы ретінде айтылып жүр.