Еуропалық комиссия Қазақстан азаматтарына визалық рәсімдерді жеңілдету жөнінде келіссөздер жүргізу туралы мандат алды. Бұл туралы Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиоге BES.media тілшісіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елшінің айтуынша, Франция бұл бастаманы алғашқы болып қолдаған елдердің бірі, сол арқылы консультациялар бастауға жол ашылды.
Енді визалық режимді жеңілдету арқылы, талап етілетін құжаттар санын азайту және виза құнының төмендеу мүмкіндігі дегенді білдіреді.
Жеңілдетілген рәсім - негізінен құжаттардың азаюы. Сондай-ақ, қателеспесем, визаның бағасы да төмендеуі ықтимал. Бұл қазақстандықтар үшін ЕО-ға сапарды жеңілдетіп, екі жақтың жақындасуына әсер етеді, - деді Сильван Гиоге.
Гиогенің айтуынша, желтоқсан айының басында Қазақстан мен Еуроодақ ынтымақтастық және серіктестік туралы келісімнің он жылдығын атап өтеді.
Қазақстан мен ЕО арасында ұзақ жылдық сенімге негізделген ынтымақтастық қалыптасқан. Бельгияда өтетін осы кездесуде нақты ілгерілеушілікке қол жеткіземіз деп үміттенемін, - деді Франция елшісі.
Бұған дейін, шенген визасына қатысты біршама өзгерістер енетінін хабарлаған едік.