Саясаткер Наоки Хякута бұл қыздардың ерте ана атануына себеп болады деп санайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жапонияның Консервативті партия көшбасшысы Наоки Хякута қыздарға 25 жастан кейін тұрмысқа шығуға тыйым салуды ұсынды. Шенеуніктің сөзінше, бұл бала туу көрсеткішін арттыруы мүмкін.
NDTV телеарнасының мәліметінше, саясаткер 18 жастан асқан бойжеткендерге жоғары оқу орнына түсуге де тыйым салу керек деп санайды. Ал 30 жастан әйелдерге гистерэктомия — яғни жатырын алып тастау операциясын жасату керектігін алға тартқан. Хякутаның ойынша, бұл әрекеттер жапон әйелдерін көбірек бала тууға итермелейді.
Наоки Хякутаның сөздері қоғамда қызу талқыға түсіп, көпшілік оны сынап тастады. Ол көп ұзамай-ақ кешірім сұрады. Өзінің айтуынша, бұл оның жеке көзқарасы емес, тек гипотетикалық болжам.