Шекарашылар қос азаматтығы бар жеті адамды ұстады

18 Қазан, 13:24 384

14-16 қазанда шекарадағы өткізу бекеттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы анықталған Қазақстанның жеті азаматы ұсталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК мәліметінше, шекарашылар оларды полиция органдарына тапсырған.

Жыл басынан бері шекарада қос азаматтығы бар 935 адамды анықталған. 

Елімізде қос азаматтыққа заң бойынша тыйым салынған. ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік шығарып жіберумен жазаланады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: