Шекарадан адам өміріне қауіпті препараттарды өткізбек болғандар ұсталды

31 Қазан, 11:18 378
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласының авиациялық көлік прокуратурасының үйлестірумен Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы ірі көлемдегі ауыр препараттарды заңсыз өткізу фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бір топ адам алдын ала сөз байласып, витаминдер түрімен жасырылылған, құрамында адам өмірі мен денсаулығына ауыр әсер ететін заттар бар анаболиктерді, стероидтерді (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 120 бұйрығы) Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы АҚШ пен Еуропа елдеріне жөнелткені белгілі болды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдастырушылар препараттарды сақтап, буып-түюмен айналысқан мекенжайы табылды.

206 мыңға жуық ампула мен таблетка, сондай-ақ шприцтер, желімдеуге арналған станок, пошта конверттері, құтыларға арналған өздігінен жабысатын жапсырмалар табылып, тәркіленді.Аталған азаматтар ұсталып, оларға қатысты сот "үй қамағына алу" бұлтартпау шарасын қолданды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: