Шекарада тұрған қазақстандықтар үшін жасыл дәліз ашылады

29 Қыркүйек 2022, 12:14 1056

Ресейліктердің Қазақстанға қарай ағылуы салдарынан шекарада тұрып қалған ел азаматтарына көмек көрсетіледі

Ресейден Қазақстанға қарай өте алмай тұрған ел азаматтары үшін «жасыл дәліз» ашылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды El.kz 

«Кеше ғана Ресей Федерациясындағы вице-прмьер әріптесіммен келіссөз жүргіздім. Өйткені шекараның арғы бетінен бері қарай өте алмай тұрған Қазақстан азаматтары да бар. Осы орайда азық-түлік тиелген көліктерге қатысты РФ жағымен уағдаластық жасалды. Бұл мәселе бойынша тиісті тәртіп енгізілмек, яғни бүгін екі елдің шекара қызметтері өзара келісіп, тиісті әрекеттер жасайды. Сондықтан біздің азаматтар мен азық-түлік тиелген көліктер үшін «жасыл дәлізді» қамтамасыз етуге тырысамыз», - деді С. Жұманғарин Сенатта тілшілер сауалына жауап бере отырып. 

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтарына арналған аталған дәліз бүгін немесе ертең ашылады.

Бөлісу: