29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтөбе облысында шегірткенің таралуына байланысты қазіргі жағдай мен әрекет ету шаралары қаралды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңір басшысы фитосанитарлық мониторингті күшейтуді, көршілес өңірлермен жедел ақпарат алмасуды жолға қойып, қорғау шараларын уақытылы жүргізуді тапсырған. Қазір шегіртке ошақтарын алдын ала анықтау, аудандық әкімдіктер, жауапты мемлекеттік мекемелер мен мердігер ұйымдардың үйлестірілген іс-қимыл маңызды болып отыр. Сондай-ақ, химиялық өңдеу жұмыстарының барысына тұрақты бақылау жүргізіп, зиянкестердің егістік алқаптарына таралуына жол бермеу жағы тапсырылды.
Біз шұғыл әрі үйлесімді әрекет етуіміз қажет. Ең бастысы – шегірткенің егістік алқаптарына өтуіне жол бермей, өнімді қорғау. Аудан әкімдіктері жағдайды бақылауда ұстап, анықталған ошақтар, жүргізілген өңдеу жұмыстары мен кез келген ахуал туралы жедел түрде хабарлап отыруы тиіс, - деді өңір басшысы.
Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл облыста үйірлі шегірткеге қарсы 513 мың гектар, сондай-ақ саяқ шегірткелерге қарсы 87 906 гектар жерді өңдеу жоспарланған. Саяқ шегірткелермен күреске облыстық бюджеттен 450 млн теңге бөлінген. Аталған қызметтерді көрсету үшін «Ақтөбе-Құнарлылық» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Бүгінде химиялық өңдеу Алға, Әйтеке би, Ырғыз, Қобда, Мәртөк, Темір, Байғанин, Ойыл және Шалқар аудандарында жүргізілуде.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек