Шегірткелерді жоюға жергілікті бюджеттен 659 млрд теңге бөлінді

21 Маусым 2022, 21:46 1679

Шегірткелерге қарсы республика бюджетінен 1,9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 659 млрд теңге бөлінген.

Республика аумағында ерекше қауіпті организмнің 12 түрі, зиянды организмнің 5 түрі, карантиндік обьектілердің 14 түрі таралған. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Марс Алмабек айтты, - деп хабарлайды El.kz.

– Ағымдағы жылы үйірлі шегірткеге қарсы 997 мың гектар алаңында таралған, оның ішінде италияндық прус 760 мың, азиялық шегіртке 201 мың және марокко шегіртке 35 мың гектар алаңында таралған. Сонымен қатар, саяқ шегіртке зиянкестері 270 мың гектар алаңында таралған. Жалпы шегірткелерге қарсы республика бюджетінен 1,9 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 659 млрд теңге бөлінді. Қаржы құралдары бицептр мен химиялық өңдеу бойынша қызметтерді барлық болжанған алаңда сатып алуға мүмкіндік берді. Үйірлі шегірткеге қарсы тиімді өңдеу жүргізу үшін бицептрдің әрбір топтарына препарат сатып алынды,- деді Марс Алмабек.

Облыс әкімдіктермен бірлесіп жедел штабтар құрылды және мониторинг пен химия өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоспар бекітілгенін атап өтті.

– Үйірлі шегірткенің ошақтарын анықтау үшін GPS планшеттерін пайдалана отырып 527 автокөлікпен 1239 тексерушілер тартылып 38 млн гектар жер тексеріледі. Үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін 165 бірлік арнайы күш техника тартылады. Өңдеу уақытылы және жоғары биологиялық тиімділікпен жүргізіліп жатыр,- деді Марс Алмабек.

Осы 6 айдың ішінде 137 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған және 1,8 заң бұзушылық фактілері анықталған.

– Комитет Өсімдік карантиндік саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін экспорттаушы елдердің өнімін жеткізу кезінде бірыңғай карантиндік фицинитарлық талаптарына сай келмейтін 165 натификация анықтады. Оның ішінде 37 натификация карантиндік обьектілері анықталған. Мысалы, Литвадан импортталған гүлден карантиндік зиянкес батыс гүлдер трипсі анықталып, 35 мың дана хризантем мен роза гүлдері тәркіленіп жойылды. Нидерланд елінен әкелінген 40 килограм сәбізден карантиндік ауру зебри чип анықталып, тауар толығымен жойылды.Сонымен қатар, соңғы 6 айдың ішінде Қытайға экспорт құқығы бар кәсіпорын тізімінде қазақстандық кәсіпорындардың саны 955-ке жетті,- деді Марс Алмабек.

Миражан Махан
Бөлісу: