Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды

30 Сәуір 2023, 18:10 969

Шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Францияның Анже қаласында бірінші дивизионның А тобындағы жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жарыста отандастарымыз бірінші орын алып, элиталық дивизионға жолдама алса, Владимир Никитин 2023 жылғы турнирдің үздік қақпашысы атанды.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Венгрия (3:0), Жапония (5:0), Украина (5:0) және Франция (5:1) құрамаларын тізе бүктірген болатын.

Сергей Старыгин жетекшілік ететін Қазақстан құра­масы жаһандық доданың алдында Фран­циямен жолдастық матч өткізіп, 7:2 есебімен жеңген болатын.

Қақпашылар: Владимир Истомин, Владимир Никитин (екеуі де – «Барыс», Астана), Руслан Кәкенов («Ястребы», Орал)

Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жүсіпбеков, Глеб Решетько, Даниал Шақшақбаев (барлығы - «Барыс»), Александр Ким («Эссет», Финляндия) Бейбарыс Оразов («Астана») Рахат Оспанов (Онтарио хоккей академиясы, Канада)

Шабуылшылар: Арыстан Әмірханов, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Егор Левковец, Денис Леута, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәли Русланұлы, Семен Симонов, Никита Ситников (барлығы - «Барыс», Астана) Әділ Бейсембаев («Астана»), Дәулет Нұркенов («Эссет», Финляндия).

EL.KZ
Бөлісу: