24.04.2024
14:05
1166
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында екі матч өткізеді

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты алдында екі матч өткізеді

Хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында халықаралық турнирге қатысады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2-4 мамыр аралығында Астанада Qazaqstan Hockey Open - 2024 халықаралық турнирі өтеді. Аталған сынға Қазақстан, Ресей және Белоруссия құрамалары қатыспақ. 

Бұл жарыс құраманың әлем чемпионатына дайындығы аясында өтпек.

Матчтар кестесі:

2-мамыр 2024, 19:30 - Қазақстан - Ресей

3-мамыр 2024, 19:30 - Қазақстан - Беларусь

4-мамыр 2024, 16:00 - Ресей - Беларусь