28.05.2023
22:50
1038
Шайбалы хоккейден Латвия тұңғыш рет қола жүлде алды

Шайбалы хоккейден Латвия тұңғыш рет қола жүлде алды

Шайбалы хоккейден биылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында Латвия қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетерлішгі, әлем біріншілігінде 3-орын үшін сайыста АҚШ пен Латвия құрамалары күш сынасқан болатын.

Бүгінге дейін америкалық хоккейшілер 2 мәрте алтын, 9 күміс, 9 қола медаль алды. Ал латвиялық құрама жарыстың аталған сатысында тұңғыш мәрте қатысты.

Кездесуде қос құрама тартысты ойын көрсетті. Бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан екі-екіден шайба соғып үлгерді.

Үшінші кезеңде құрамалар бір-бір шайбадан соқты. Негізгі кезең 3:3 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймда Латвия жеңіс шайбасын салды.

Осылайша, латвиялық хоккейшілер өз тарихында тұңғыш мәрте әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.