Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионатының ойын кестесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрлықтық дода 31 қазан мен 3 қараша аралығында Қытай астанасы Бейжің қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының қарсыластары — Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония.

Турнир басталардан бұрын ел құрамасы қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оған қоса 27 қазанда Қытаймен жолдастық кездесуде дайындығын пысықтай түседі.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

31.10.2024, 16:30 — Қытай — Қазақстан01.11.2024, 13:00 — Жапония — Қазақстан02.11.2024, 13:00 — Қазақстан — Оңтүстік Корея

Айта кетсек, әйелдер арасындағы құрлықтық додаға қатысатын құрамалардың барлығы осал емес. Мәселен, Жапония әлем чемпионатында топ-дивизионда ойын көрсетсе, Қытай бірінші дивизионның А тобында, Оңтүстік Корея біздің құрамамен бірге бірінші дивизионның Б тобында ойнайды.