Шавкат Рахмонов пен Хамзат Чимаевтың қашан жұдырықтасатыны айтылды

13 Қыркүйек 2022, 04:39 1356

Мықты жекпе-жек болары сөзсіз.

Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен Швеция атынан жұдырықтасатын Хамзат Чимаев арасындағы жекпе-жек туралы пікірін айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Бар әлем осы жекпе-жек туралы айтып жүргендей әсер қалдырады. Шынына келгенде, екеуініңде әлі жұдырықтасатын қарсыластары бар. Ал екеуі өзара келесі жылдың соңында кездеседі деп ойлаймын. Қазір Чимаевқа жеңісінен ләззат алуға уақыт беру керек. Мықты жекпе-жек болары сөзсіз. Хамзатты Шавкаттан басқа ешкім тоқтата алмайтындай көрінеді», - деп жазды ол әлжелідегі парақшасында.

Бөлісу: