Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі келесі қарсыласы анықталды

19 Наурыз 2023, 10:49 1143
UFC басшысы Дэйна Уайт Лондонда Леон Эдвардс пен Камару Усман арасындағы жекпе-жектен кейін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы америкалық Белал Мұхаммед болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz акпараттық агенттігі.
 
Бұл жаңалықты UFC президенті Дэйна Уайт жартылай орта салмақтағы Леон Эдвардс пен Камару Усман арасындағы жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихатында айтты.
 
Қазіргі уақытта UFC рейтингінде алтыншы орында тұрған қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (17-0) 4-жартылай ауыр салмақтағы америкалық Белал Мұхаммедке (22-3-0-1) қарсы жекпе-жекке шығады.
 
Ал, Лондондағы UFC 286 турнирінің басты жекпе-жегі Камару Усманды жеңген британдық Леон Эдвардстың жеңісімен аяқталды. Екі спортшы да біздің Шавкат Рахмоновқа ықтимал қарсыластар тізімінде болған еді.
EL.KZ
Бөлісу: