Шавкат Рахмонов UFC-де рекордынан айырылды

24 Сәуір 2023, 12:05 1076

UFC-де өнер көрсететін қазақ жігіті Шавкат Рахмонов (17-0) мерзімінен бұрын жеңген жеңістер саны бойынша UFC файтерлері арасындағы орнын сақтап қала алмады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Рахмонов бірінші орында болған еді. Ол қатарынан 5 рет жеңіске жетіп, рейтингте бірінші орынға көтерілген. Енді, міне, оны ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) басып озды.

Спортшы қатарынан алты мәрте айқасқа шығып, алтыншы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды, бұл ретте ол барлық жеңістеріне бірінші раундта-ақ қол жеткізген.

Шавкат Рахмоновқа келсек, ол UFC-дегі бес жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) жеңген.

Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы болашағынан үміт күттіретін спортшылардың бірі саналады.

EL.KZ
Бөлісу: