Шавкат Рахмонов UFC-де кезекті рет жеңіске жетті

17 Желтоқсан 2023, 10:35 1418

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жоспарланған үш раундтың екінші раундының соңғы секундтарында Шавкат қылқындыру әдісімен жеңіске жетті. 

Осылайша, жерлесіміз мансабындағы 18-ші жеңісін тіркеді. 

Айта кетейік, UFC 296 турнирінің басты жекпе-жегінде ағылшын Леон Эдвардс (21-3-0-1) пен америкалық Колби Ковингтон (17-3) кездеседі.

EL.KZ
Бөлісу: