Шавкат Рахмонов Қазақстанның табиғатын көрсетті

4 Қыркүйек 2023, 18:00 841

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов өзінің инстаграмдағы парақшасында Қазақстанда түскен суретін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасының сторис бөлімінде тауда түскен суретін салып, астына Бұл Қазақстан! деп жазған.

Рахмонов UFC-дегі келесі айқасын 17 қыркүйек күні Лас-Вегаста Келвин Гастелуммен өткізуі керек болған, алайда қарсыласының жарақатына байланысты жекпе-жек өтпейтін болды.

Айта кетейік, дәл қазір Рахмонов UFC-дегі бес жекпе-жегінің бесеуін де жеңіспен аяқтады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: