Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевқа тойға бармауға кеңес берілді

6 Наурыз, 11:43 1064

Аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевқа және өзге де спортшыларға тойға әуес болмауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Вестник ММА-ге» берген сұхбатында Арман кезінде өзі де осыдан зардап шеккенін алға тартады.

Бізде, қазақтарда, той көп. Қазақстанның барлық жерін аралап шығуың керек. Спортшыларды құртатыны осы. Өзім де осыдан өткенмін. Шавкат пен Асуға айтарым, мақсаттан таймау керек, бар назарды жаттығуға аудару қажет, - деді Арман.

Бұған дейін Азат Мақсұмның менеджері Нұраддин Садықов та тойдың спортшыға тигізген кері әсері туралы айтқан.

Негізінен ең жақын деген адамдары ғана айттық. Азатқа тойға баруды азайт дегенбіз. Өкінішке қарай, бұл жалғаса берді. Тиісінше жаттығу сапасына кері әсер етті. Артық салмақ пайда болды. Нәтижесін өздеріңіз де көрдіңіздер, - деген еді ол.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: