Шарын ұлттық паркінде браконьерлер ұсталды

1 Тамыз 2022, 10:50 1131

Кезекті рейд барысында «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөліктің ерекше қорғалатын табиғи аймаққа кіргені анықталып, парктің жедел тобына хабар берілген

30 шілде күні 13 сағат шамасында Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мемлекеттік инспекторлары браконьерлерді ұстады, деп хабарлайды El.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

Инспекторлық топ автокөліктің ізі арқылы Бұғыты таулары Алмасай аймағында (13 айналым 88 орам) мемлекеттік номері жоқ автокөлікті тоқтатып, оны тексеру барысында мылтыққапқа салынбаған үш дана ойық ұңғылы мылтық (TIKKA T3 N-308, TIKKA T3x LITE, ВЕПР-308 ), екі дана пышақ, бір дана рация, және арнайы контейнерге салынған ет анықталды.

Сонымен қатар автокөлік жанынан Сібір тау текесіне ұқсас аңның терісі табылды.Көлікте болған үш азамат ұсталды – олар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының және Алматы қаласының тумалары. 

Айғақ заттарға уақытша алып қою қаулысы толтырылып, Ұйғыр ауданы полиция бөліміне тапсырылды.

EL.KZ
Бөлісу: