Шарын шатқалында жыраға құлап кеткен турист құтқарылды

Шарын шатқалында жыраға құлап кеткен турист құтқарылды

Шарын шатқалында Қостанай облысынан келген турист жыраға құлап кетіп, өз бетінше шыға алмаған. Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ер адамның достары өздігінше көмектесуге тырысқан. Бірақ нәтиже шықпаған соң жақын жерде орналасқан ТЖМ механикаландырылған күзетінде кезекшілік еткен құтқарушылардан көмек сұраған.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде 1989 жылы туған адам құтқарылды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Осы ретте министрлік азаматтарды туристік жорықта қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.