01.05.2025
03:48
1207
Шарын аумағында жүрген еліктер фототұзаққа түсіп қалды

Шарын аумағында жүрген еліктер фототұзаққа түсіп қалды

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (МҰТП) аумағында жабайы табиғатты зерттеу және бақылау мақсатында орнатылған фототұзақтарға еліктер түсіп қалған. Бұл туралы парктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кадрдан жабайы жануарлардың еркін және қауіпсіз тіршілік етіп жүргенін көруге болады.

Еліктер — экожүйе тепе-теңдігінің көрсеткіші саналатын сүтқоректілердің бірі. Мұндай бақылау деректері біздің табиғатты қорғау мен зерттеу бағытындағы жұмыстарымыздың нәтижесі, - делінген мәліметте.

Жабайы жануарлардың бақылау жұмыстары жалғасуда.