Шардарада жалғызбасты әйел жыңғыл арасында күнелткен

20 Ақпан, 13:37 5560

Шардарадан 17 шақырым жердегі көл маңында жалғыз тұратын апаны учаскелік полиция қызметкері тапқан, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Желіде таралған бейнежазбада кейуананың қазылған жерді үй етіп паналағанын көруге болады. Ішіне қолдан пеш жасап, жағып отырған. Бұл видеодан кейін жергілікті аудан әкімдігі кейуана Шымкент қаласындағы оңалту орталығына жеткізілгенін мәлімдеді. 

Тұрған жері жергілікті полиция қызметі арқылы Шардара ауданына қарасты Жаушықұм ауылының маңынан 1 ақпан күні анықталды. Сөйлеу қабілеті нашар болғандықтан аты-жөнін анықтау қиындық тудырды. Сәйкесінше, табылған күннен бастап жеке басын анықтау жұмыстарын жүргізу мақсатында, сол күні Шымкент қаласындағы оңалту орталығына жеткізілді, - делінген Шардара ауданы әкімдігі ұсынған ақпаратта.

Бүгінгі күні оңалту орталығында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: