Түркістан облысы Шардара су қоймасында демалушылар отырған үрлемелі матрацка су көлігі соғылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада су көлігі демалушылар отырған үрлемелі матрацка соғылғанын байқауға болады.
Су көлігінің жүргізушісі ұсталып, полицияға жеткізілді. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Су көлігі айыппұл тұрағына қамалды, - дейді ведомство.
Сонымен қатар, демалушыларға су көлігін жалға берген адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданып жатыр.