Түркістан облысы Шардара су қоймасында екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар резеңке қайықпен балық аулауға шыққан. Алайда қараңғы түскен соң адасып, жағалауға жете алмаған. Содан 112-ге хабарласып көмек сұраған.
Құтқарушыларға дереу көмекке жетті. 1986 жылы дүниеге келген екі ер адамды жағадан 1 шақырым жердегі судан тауып, оларды жағаға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады. ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады,-деп атап өтті ведомстводан.