25.10.2025
17:14
496
Шанхайда электромобиль санаулы секунд ішінде жанып кетті

Шанхайда электромобиль санаулы секунд ішінде жанып кетті

Шанхай қаласында жолда жүріп келе жатқан Li Auto MEGA маркалы электромобиль әп-сәтте отқа оранды, деп жазады El.kz интернет порталы.

Куәгерлердің айтуынша, өрт көлік жүріп бара жатқан сәтте тұтанып, небәрі 10 секундтың ішінде бүкіл машинаны шарпыған. Бейнежазбада жалынның тез тарағаны анық көрінеді.

Абырой болғанда, жүргізуші мен жолаушылар соңғы сәтте көліктен шығып үлгеріп, ешкім зардап шеккен жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына көлікте орнатылған жаңа үлгідегі аккумулятор батареясы себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Li Auto компаниясы оқиғаға қатысты ресми тергеу жүргізіп жатыр. Өрттің нақты себебі тексеріс қорытындысында анықталмақ.