04.07.2024
15:53
867
Шанхай ынтымақтастығы плюс форматындағы жиын басталды

Шанхай ынтымақтастығы плюс форматындағы жиын басталды

Қазір Шанхай ынтымақтастығы плюс форматындағы жиын басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Саммиттің бұл бөлігінде жаһандық мәселелер көтерілмек. Мұның алдында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында бірқатар құжатқа қол қойылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты екеніне назар аударды.