10.10.2025
04:21
591
Шаңды дауыл, үсік: 10 қазанда ауа райы қандай болады

Шаңды дауыл, үсік: 10 қазанда ауа райы қандай болады

10 қазанда еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі - кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман түсіп, шаңды дауыл тұрады, ал түнгі уақытта үсік жүреді. Көптеген облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталмақ, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Маңғыстау облысында күн райы күрт бұзылып, өңірдің оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерде 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталып отыр. Ақтауда да дәл осындай жел болжанып, түнде екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Жетісу облысында түнгі уақытта 1-6 градусқа дейін үсік жүреді. Талдықорғанда да 10-11 қазан күндері түнде 4-6 градусқа дейін аяз күтіледі.

Атырау облысының батысында найзағай ойнап, күндіз шаңды дауыл соғады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Өңірдің солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да желдің күшеюі және өрт қаупінің жоғары деңгейде болуы болжанып отыр.

Түркістан облысында желдің бағыты оңтүстік-шығысқа ауысып, таулы асуларда екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 10-11 қазан күндері өңірдің шөлейт және тау бөктеріндегі аймақтарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында да жағдай ұқсас — жел 15-18 м/с жылдамдықпен соғып, өңірдің батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Ақмола мен Абай облыстарының кей аудандарында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында орталық пен шығыста шаңды дауыл тұрып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Қызылорда қаласында да осындай жағдай байқалады.

Ұлытау облысының шығысында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендейді.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында жел күшейіп, кей жерде екпіні 20 м/с-қа дейін барады. Өңірдің бірқатар аудандарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түсіп, түнде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді. Кей жерде желдің күші 20 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде 3 градусқа дейін аяз күтіледі. Өңірдің солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.