Шамо Фатоев: Кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім – Қазақстанның даму стратегиясын тиімді жүзеге асыруға көмектеседі

12 Сәуір 2019, 11:51 2112

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдаған кезектен тыс сайлау өткізу туралы жауапты шешімі – Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаев негізін қалап кеткен Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясын сәтті әрі тиімді жүзеге асыруға көмектесетін өте қажетті әрі маңызды шешім деп санаймыз.

Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін елімізге айқындық қажет екендігіне баса назар аудартты.

Шын мәнінде, Қ.Тоқаев ел ішінде ғана емес, халықаралық саясат сахнасында да беделді, білікті, адал азамат. Биліктегі өзгерістерге байланысты ел арасында екіұдай пікір қалыптаспас үшін, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықта Қазақстан тұрақты, ынтымақшыл әрі мәмілегер мемлекет ретінде танылуы үшін президент сайлауының алысқа ұзамай, жақын арада өтуін толыққанды қолдаймыз және елімізде кезектен тыс сайлаудың әділ де ашық өтуіне қолдау көрсетуге шақырамыз.

Шамо Фатоев,

                                           «Барбанг» ҚР күрділерінің ассоциациясы» РҚБ Нұр-Сұлтан 

                                      қалалық филиалының төрағасы


Бөлісу: