Шалқарда 3 жасар бала дәретханаға құлап кетті

10 Мамыр 2023, 14:15 1277

Ақтөбенің Шалқар қаласында үш жасар бала дәретханаға құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бала ауладағы дәретханаға құлап кеткен. Шұңқырдан туысқаны алып шыққан. Санитарлық авиациямен облыс орталығына жеткізгенімен, бала бірнеше күннен соң қайтыс болды. Баланың ата-анасына қатысты Қылмыстық кодекстің "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің хабарлауынша, оқиға болған сәтте анасы үлкен баласымен облыс орталығына  дәрігерге қаралуға кеткен. Әкесі жұмыста болған. Үш жасар ер баланың жанында туыстары болған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: