Шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштікке енді

8 Тамыз 2022, 10:01 1416

Үндістанның Ченнай қаласында басталған ш ахматшылардың 44-ші Олимпиадасы 10 тамызда аяқталады

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы Дүниежүзілік Олимпиаданың 9-ыншы кезеңінде Болгария құрамасын 3:1 есебімен жеңді, – деп хабарлайды El.kz.

Жеңіске Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева жетті. Ал Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева ойынды тең есеппен аяқтады. Құрамамыз еншісінде – 7 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс.

Осы матчқа дейін әйелдер командалары арасында Қазақстан турнир кестесінде 6-орында болған еді. Енді бірден 3-орынға көтерілді. Келесі ойын Үндістан құрамасымен өтеді. Ал Қазақстан ерлер құрамасы бүгін Сербиядан 1:3 есебімен жеңілді. 

Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев ойынды тең есеппен аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов қарсыластарына есе жіберді. Ерлер құрамасы турнирде осымен үшінші рет жеңіліп отыр.

 Бүгінгі матч алдында қазақстандық команда 12-орында болды. Қазір 25-орынға сырғыды. Келесі ойын Хорватиямен болады. Еске салайық, кеше еліміздің әйелдер құрамасы Словакиядан 3,5:0,5 есебімен басым түскен еді. 

Ал ерлер командасы Әзербайжанға 1,5:2,5 есебімен жол беріп қойды. 28 шілдеде Үндістанның Ченнай қаласында басталған ш ахматшылардың 44-ші Олимпиадасы 10 тамызда аяқталады.

Бөлісу: