Қазақпараттың мәліметіне қарағанда қазақ қыздары бұл жолы да жеңіске жетті.
Ерлер құрамасы Латвияны 4:0 есебімен сүріндірді. Еліміздің атынан сынға түскен Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербектің барлығы жеңіске жетті.
Олар бұған дейін Ливанды 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокконы 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберіп қойды.
Еліміздің қыздар құрамасы бесінші кездесуінде Кубадан 3:1 есебімен басым түсті. Құрама сапында Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева ойын көрсетті.
Олар бұған дейін Перу мен Бельгияны 3:1, Гватемаланы 4:0 жеңіп, Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті.