Шахтадағы апатты тексеру қорытындысы 23 қарашада жарияланады

15 Қараша 2022, 14:09 1497

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтты

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 23 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Ленин шахтасындағы апатты тексерудің қорытындылары жарияланатынын айтты, деп хабарлайды El.kz

«23 қарашада қорытынды береміз. Біз БАҚ өкілдерін жинап тергеп-тексерудің қорытындысын жариялаймыз. Қазір комиссия жұмыс істеп жатыр», - деді Юрий Ильин Үкімет кулуарында.

Еске сата кетейік, Қарағандыда "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде 5 жұмысшы қаза тапты. Шахтада болған апатқа байланысты Үкіметтік комиссия құрылған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: