515.03
584.82
6.24

Шахтадағы апат: 46 кеншінің денесі табылды

telegram
30 Қазан 2023, 11:00 1569

Қарағанды ​​облысында қаза тапқан барлық 46 кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы марқұм кенші Сергей Киселевтің туыстары мәлім еткен. Оның денесі 30 қазан күні таңертең табылды. Сергей Киселев Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқан кеншілердің соңғысы болды.

Әзірге ТЖМ бұл ақпаратты растамады. Костенко атындағы шахтада аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: