Шахта опырылып, 15 адам мерт болды

23 Ақпан, 10:00 2573

Венесуэланың оңтүстік-шығысындағы Боливар штатының Ангостура муниципалитетіндегі шахтасында апат болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ел президенті Николас Мадурның мәліметінше, оқиға салдарынан 15 адам көз жұмып, 11 адам жарақат алды. Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ел президенті оқиға орнына барлық азаматтық қорғаныс бөлімшелерін жібергенін айтты.

Алдын ала тексерулер шахтадағы апат 30 метр тереңдікке ені 100 метрге дейінгі топырақтың опырылып түсуінен келіп шыққанын көрсетті.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: