Шахматтан әлем чемпионы атағы үшін талас: Непомнящий мен Лижэнь тең түсті

12 Сәуір 2023, 20:40 1032

Ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь арасындағы шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матчтың үшінші партиясы тең аяқталды. Кездесу 30-шы жүрістен кейін аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытайлық гроссмейстер бүгінгі партия нәтижесі бойынша матчтағы есепті теңестіре алмады. Непомнящий 2:1 есебімен алда келеді.

Естеріңізге сала кетейік, қос мықтының арасындағы бірінші партия да тең нәтижемен аяқталған болатын. Ал екінші ойында ресейлік шахматшы жеңіске жетті. Төртінші кездесу ертең өтеді.

Әлем чемпионаты аясында барлығы 14 партия жоспарланған. 7 ұпайдан артық жинаған спортшы әлем чемпионы атанады.

EL.KZ
Бөлісу: