Шахматшы Қазыбек Нөгербек әлем чемпионы атанды

14 Маусым, 05:26 749

Қазыбек Нөгербек бүгін Үндістанның Гандинагар қаласында аяқталған 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отандасымыз классикалық шахматтан 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинады. Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі 2501.

Еске сала кетейік, Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған.

Биылғы чемпионатта 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: